Ер мен әйел: Депутат дәстүрімізде жоқ дүниеге тыйым салуды ұсынды

Бөлісу:
Ер мен әйел: Депутат дәстүрімізде жоқ дүниеге тыйым салуды ұсынды
Фото: BAQ.KZ архив

Мәжіліс депутаты, Ұлттық құрылтай мүшесі Еділ Жаңбыршин Ұлттық құрылтай аясында өткен секцияда ЛГБТ-ға тыйым салу керегін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бізде отбасы құндылығы, отбасы институты бар. Отбасылық кодексте отбасы еркек пен әйелден тұратыны жазылған. Қазір сырттағы күштердің қаржысына жұмыс істейтін топтар ЛГБТ-ны, бір жыныстылықты насихаттап жүр және оны ашық насихаттап жүр. Осыған заң жүзінде тыйым салуымыз керек. Бұл мәселені көтере береміз. Онымен күресеміз, - деді депутат.

Жаңбыршин айтып өткендей, АҚШ президенті Дональд Трамп осыған қатысты заңға қол қойды. Енді АҚШ-та да ер және әйел деген мәселеге нүкте қойды.

Бұл біздің демографиямызға, отбасы институттарымызға шабуыл. Оны тыюымыз керек. Бұл біздің әдетімізде, дәстүрімізде жоқ дүние, - деп түсіндірді Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин.

Өзгелердің жаңалығы