Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 4 тамыз күні Қарағанды қаласындағы Молоков көшесінде орналасқан жер үйлердің бірінің сарайында дене жарақаты белгілері бар 29 жастағы азаматтың мәйіті табылды. Бұл туралы Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі хабарлады.
"Криминалдық полиция және учаскелік полиция инспекторларымен бірлескен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 28 жастағы бұрын сотталған азамат анықталып, жәбірленушімен өзара ішімдік ішу барысында дене жарақаттарын келтіргенін мойындады", - делінген таратылған хабарламада.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 1-тармағы "Адам өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Оқи отырыңыз: