Жыл басынан бері қанша ер адам декретке шыққаны белгілі болды. Осы тақырып аясында BAQ.KZ тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне арнайы сауал жолдап, берілген жауапқа байланысты ақпаратты назарларыңызға ұсынады.
2024 жылы бір жарым жасқа дейінгі бала күтімі үшін төленетін әлеуметтік жәрдемақыны 489 ер адам алды. Бұл еліміз бойынша осындай жәрдемақы алған адамдардың 0,15 пайызы ғана. Ал 2025 жылдың алғашқы екі айында дәл осы жәрдемақыны 65 ер адам алды, бұл да жалпы төлемдердің 0,15 пайызы, - делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауабында.
Яғни бала күтімі бойынша жәрдемақыны көбіне әйелдер алады, ал оны алатын ер адамдардың үлесі өте аз – бар болғаны 0,15%.
Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде отбасылар мен көпбалалы аналарды қолдау үшін бірнеше әлеуметтік төлем түрі барын жазған едік. Олар табыс деңгейіне қарамастан, республикалық бюджеттен төленіп келеді.