Ер адамдар арасындағы жанжал тапаншадан оқ атумен аяқталды

Алматының Наурызбай ауданындағы базарлардың бірінде екі жүргізуші жанжалдасып, салдарынан біреуіне оқ атылған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

27 Наурыз 2023 2023, 14:57
АВТОР
 скриншот 27 Наурыз 2023 2023, 14:57
27 Наурыз 2023 2023, 14:57
954
Фото: скриншот

Алматының Наурызбай ауданындағы базарлардың бірінде екі жүргізуші жанжалдасып, салдарынан біреуіне газ тапаншасынан оқ атылған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әлеуметтік желіде таралған видеоға қатысты ПД түсініктеме жасады.

Алматы қалалық ПД аталған дерек бойынша Наурызбай аудандық ПБ ҚР ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмыс бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатқанын хабарлайды. Алдын ала мәлімет бойынша, базарлардың бірінің аумағында екі көлік жүргізушісінің арасында ауызша жанжал туындап, салдарынан олардың бірі қарсыласының бетінен атқан. Күдікті полицияға жеткізілді. Оның атына тіркелген “ИЖ” газ тапаншасы қылмыстық іс материалдарына қоса тіркелді, - делінген ведомство мәліметінде.

Наверх