Белсенді Вестминстер сарайының сағат мұнарасының қасбетінде отырып, палестиналықтарды қолдайтын ұрандар айтып, бәрін телефонына түсіріп алып, бірден интернетке жариялайды, деп хабарлайды BAQ.KZ Sky News телеарнасына сілтеме жасап.
Таңертең биіктікке жалаңаяқ адам көтерілді. Төтенше жағдайлар қызметкерлері оны төмен түсуге көндірмек болғанымен, нәтиже болмады. Оқиға орнына полиция шақырылды. Вестминстер көпірінің солтүстік бөлігінде көлік қозғалысы жабылды.
Оқиға орнында Лондон полиция қызметкерлері оқиғаны қауіпсіз аяқтау үшін жұмыс істеді, - делінген хабарламада.
Өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем қызметкерлері белсендіні 10 метр биіктіктен түсуге көндіруге тырысты. Олар Биг Бен маңында орнатылған лифтпен ер адамға көтерілді.
Биг Бен – Ұлыбританияның басты символдарының бірі Вестминстер сарайының сағат мұнарасы. Оның биіктігі 96 метр.