Ер адам бұрынғы қызын дронмен аңдып, жүйкесін жұқартқан
Ер адам бұрынғы қызын дронмен аңдып, жүйкесін жұқартқан
31 жастағы ер адам екі жыл бойы бұрынғы қызын мазалап, оған қайта-қайта хабарламалар мен сыйлықтар жіберіп отырған. Сонымен қатар ол әйелді жасырын түрде бақылап жүрген.
Италияда ер адам бұрынғы сүйіктісін дрон арқылы аңдып, оның жүйке жүйесінің сыр беруіне себеп болған, деп хабарлайды BAQ.KZ Today басылымына сілтеме жасап.
Тергеу нұсқасына сәйкес, 31 жастағы ер адам екі жыл бойы бұрынғы қызын мазалап, оған қайта-қайта хабарламалар мен сыйлықтар жіберіп отырған. Сонымен қатар ол әйелді жасырын түрде бақылап жүрген.
Психологиялық қысымның шарықтау шегі – дрон қолдану болған. Ер адам дронды бұрынғы сүйіктісі жиі баратын орындардың үстінен ұшырып, оны тұрақты түрде аңдып отырған. Осы әрекеттерден кейін қыздың жүйкесі сыр беріп, ол нервтік күйзеліске түскен.
Күдіктінің үйінде жүргізілген тінту барысында дрон тәркіленді. Құрылғыны тексеру кезінде онда әйел мен оның жаңа серігінің рұқсатсыз түсірілген фотосуреттері табылған.
Фото: today.it
Сондай-ақ сталкердің екі смартфоны да тәркіленіп, сараптамаға жіберілді. Тергеу жүріп жатқан уақытта сот италиялық азаматқа бұрынғы қызына жақындауға тыйым салды.