Қазақстан ЕҚЫҰ-ның ынтымақтастықты нығайтуына жәрдемдесуге дайын

8 Мамыр 2019, 10:53
2640
Бөлісу:
Қазақстан ЕҚЫҰ-ның ынтымақтастықты нығайтуына жәрдемдесуге дайын

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан ЕҚЫҰ-ның жауапкершілік кеңістігінде қауіпсіздік пен ынтымақтастықты нығайту жөніндегі күш-жігеріне одан әрі жан-жақты жәрдемдесуге дайын.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов ЕҚЫҰ-ның Бас хатшысы Томас Гремингермен кездесу барысында мәлімдеді.

Кездесу барысында саяси диалогтың негізгі құралы болатын ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастықты тереңдету, қайшылықтар мен жанжалдарды реттеуге ерекше үлес қосатын халықаралық қатынастар жүйесінің маңызды және талап етілетін құрылымы мәселелері талқыланды.

Б. Атамқұлов Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ Төрағасы, 2011-2012 жылдары Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы және 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі лауазымындағы елдің бай тәжірибесін ескере отырып, ЕҚЫҰ-ның күш-жігеріне бұдан әрі де өзінің сындарлы үлесін қосуға дайын екенін атап өтті.

«ХХІ ғасырдағы ұйым аясындағы жалғыз кездесуге айналған Астана Саммитінің мұрасын ілгерілету контексінде Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық бастамалары аса өзекті болып отыр, ол жақында Бейжіңдегі «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастық екінші форумында әлемдік қоғамдастыққа үш диалогты орнатуды білдіретін «Үш Д» жаңа геосаяси шындықты ұсынды, олардың бірі ЕҚЫҰ мен АӨСШК әлеуетін біріктіру болмақ», - деді министр.

Қазақстан ЕҚЫҰ-ның ынтымақтастықты нығайтуына жәрдемдесуге дайын

Тараптар осы жылдың екінші жартысында ЕҚЫҰ мен АӨСШК хатшылықтарының сараптамалық кездесуін өткізудің маңыздылығын атап өтті.

Қазақстан ЕҚЫҰ-ның Бас хатшысының ЕҚЫҰ-ның тақырыптық орталықтарын құру жөніндегі идеясын қолдайды, олардың бірі Нұр-Сұлтандағы өзара байланыс жөніндегі талдамалық және зерттеу жұмысына бағытталатын болады.

Т. Гремингер ЕҚЫҰ-ның Қазақстанмен ынтымақтастық деңгейіне жоғары баға берді және біздің еліміздің жаһандық дінаралық және конфессияаралық диалогты нығайту жөніндегі күш-жігерін қолдады. Бұл ретте, ұйым тарапынан, әсіресе көпжақты қысым астында болған кезде, өзгермейтін бейілділік пен қолдау үшін алғыс білдірді.

«Халықаралық қоғамдастыққа Қазақстан сияқты диалогты құрайтын, ілгерілететін және делдалдық күш-жігер салатын елдер қажет», - деді ЕҚЫҰ Бас хатшысы.

Қазақстан ЕҚЫҰ-ның ынтымақтастықты нығайтуына жәрдемдесуге дайын

Аймақтық экономикалық және көліктік интеграцияның мүмкіндіктерін талқылау маңызды орын болды, оны табысты іске асыру Атлантикадан Тынық мұхитқа дейінгі бірыңғай кеңістіктің құрылуына алып келеді. Бұл тұрғыда Қазақстанның ЕҚЫҰ-ның экономикалық-экологиялық комитетінің басшылығымен ерекше рөлі атап өтілді, онда біздің қызметіміздің басым бағыты энергетика саласындағы ынтымақтастықты тереңдету, жаңа технологияларды енгізу, сандық дәуірдегі тиісті басқаруды және өзара байланысты қамтамасыз ету болып табылады.

Сонымен қатар, Ауғанстандағы жағдайды реттеуге тартылған халықаралық құрылымдар мен аймақтық бірлестіктердің жұмысы контексінде кездесуде 2019 жылы қазанда Нұр-Сұлтанда ЕҚЫҰ жанындағы қатысушы мемлекеттердің Тұрақты өкілдерінің қатысуымен «Ауғанстан және ЕҚЫҰ: әріптестік пен ынтымақтастық үшін мүмкіндіктерді кеңейту» тақырыбында семинар өткізуге дайындық талқыланды. Іс-шара Ауғанстандағы адам капиталы мен инфрақұрылымды дамыту арқылы тұрақтылықты нығайту жөніндегі нақты жобаларды іске асыруға ықпал етуі тиіс.

Қазақстан ЕҚЫҰ-ның ынтымақтастықты нығайтуына жәрдемдесуге дайын

Келіссөздердің бөлек тақырыбы Қазақстанда алдағы президенттік сайлау болды. Сыртқы саясат ведомствосының басшысы ішкі және сыртқы саясаттың сабақтастығын, болжамдылығын және тұрақтылығын, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың және бүкіл ел басшылығының демократиялық құндылықтарға және алдағы сайлау өткізуге адал, ашық және әділ екенін атап өтті.

Өз кезегінде, Т. Гремингер демократиялық сайлауды жоғары деңгейде ұйымдастыруға мүмкіндік беретін еліміздің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуындағы айқын прогресті атап өтті.

Отан қорғаушылар күніне орай Венаға сапар аясында Бейбіт Атамқұлов Аустрияны фашизмнен азат ету кезінде 40 мыңнан астам қаза тапқан Кеңес жауынгерлерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Өзгелердің жаңалығы