Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Асқар Шәкіров ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының «Болашақ ұрпақ туралы үнқатысу» тақырыбымен өткен вебинарына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сенат баспасөз қызметінің мәліметінше, ЕҚЫҰ ПА мүшелері, БҰҰ сарапшылары, ұлттық үкіметтер және азаматтық қоғам өкілдері шара барысында келешекте Болашақ ұрпақ туралы декларацияны қабылдау жайын талқылады. Онлайн кездесуге қатысушылар озық тәжірибелерімен бөлісті және Ванкуверде өтетін ЕҚЫҰ ПА-ның жыл сайынғы сессиясындағы болашақ ұрпақ туралы қарарында көрсетілетін идеяларды жинақтады.
ЕҚЫҰ ПА төрағасының орынбасары және Орнықты даму мақсаттары жөніндегі Арнаулы өкіл ретінде Асқар Шәкіров өз сөзінде Орнықты даму мақсаттарын орындауда жедел шаралар қабылдаудың маңыздылығын атап өтті. Ол басқару мен шешім қабылдауға жастардың нақты және елеулі қатысуы ОДМ-ға қол жеткізудің бір жолы екенін атап өтті.
Жастар өз мүмкіндіктерін ашуға қажетті дағдылар мен мүмкіндіктеріне ие әрі даму мен бейбітшілік және қауіпсіздікті қолдаудың қозғаушы күші бола алады. 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған күн тәртібін іске асыруға қатысу үшін жастар ұйымдарын көтермелеу және олардың мүмкіндіктерін кеңейту керек. Олар күн тәртібін іске асыру мен бақылау және шолуда, Үкіметтердің есеп беруін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Саяси міндеттеме мен тиісті ресурстарды ескере келгенде, жастар әлемді күллі халыққа арналған ең тиімді әрі жақсы мекенге айналдыру мүмкіндігіне ие, - деді қазақстандық сенатор.
Вебинарға қатысушылар болашақ ұрпақтың мүддесі үшін Орнықты даму мақсаттарын ілгерілетуге парламентшілерді ЕҚЫҰ ПА платформасын белсенді пайдалануға шақырды.