ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы Қазақстанға ресми сапармен келді

1 Маусым 2022, 23:17
1577
Бөлісу:
ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы Қазақстанға ресми сапармен келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Польша Республикасының Сыртқы істер министрі Збигнев Раумен кездесті.

Поляк дипломаты Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Іс басындағы төрағасы ретінде Орталық Азия елдеріне сапары аясында Қазақстанға екі күндік ресми сапармен келді. 

ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы Қазақстанға ресми сапармен келді

Тараптар ЕҚЫҰ аясындағы ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады. Әңгімелесу барысында З. Рау Польшаның Ұйымға төрағалығын қолдағаны үшін Қазақстан тарапына алғысын білдірді. Осы орайда ол осы саладағы қазақстандық жетістіктерді еске алып, «Астана декларациясы ЕҚЫҰ дамуы үшін ерекше маңызды құжат болып қалуда» деді.

Өз кезегінде, А. Рахметуллин Қазақстанның алдағы уақытта да Ұйымның жұмысына үлес қосуға дайын екенін растай отырып, ЕҚЫҰ-ның барлық үш өлшеміндегі: әскери-саяси, экономикалық-экологиялық және гуманитарлық салаларын жүзеге асыруда теңгерімді көзқарасын сақтау қажеттігін атап өтті.

Халықаралық күн тәртібін талқылай отырып, тараптар аймақтағы геосаяси шиеленістің артуына байланысты Іс басындағы поляк төрағалығы алдында тұрған сын-қатерлерге назар аударды. Осы тұрғыда дипломаттар Ұйымға қатысушы мемлекеттер арасында қауіпсіздік саласындағы сенімді қалпына келтіру және ынтымақтастықты нығайту шаралары туралы пікір алмасты.

Келіссөздердің жеке тақырыбы Қазақстанның саяси трансформациясы және ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша алдағы жалпыұлттық референдум болды. А. Рахметуллин ЕҚЫҰ өкілімен «Жаңа Қазақстанды» құруға және «Екінші Республиканы» қалыптастыруға бағытталған реформаларды жүзеге асырудың тәжірибесімен және негізгі кезеңдерімен бөлісті. Өз кезегінде З. Рау елімізде орын алып жатқан өзгерістердің бағыт-бағдары ЕҚЫҰ тарапынан оң баға лайық екенін айтты. Осы орайда, ЕҚЫҰ-ның іс басындағы төрағасы «алдағы референдум Қазақстанның конституциялық тарихында іс жүзінде алға басу болады» деген пікірін білдірді.

Демократиялық бағыттағы реформаларға қолдау білдіре отырып, ол жергілікті тиімді өзін өзі басқару жүйесі қалыптасуының маңыздылығына бөлек тоқталды, Польшаның аталған салада Қазақстанмен өзінің жағымды тәжірибесімен бөлісуді жалғастыруға дайын екендігін атап өтті.

ЕҚЫҰ-ның гуманитарлық өлшеміндегі ынтымақтастық тақырыбын қозғай отыра, тараптар Қазақстанның БҰҰ Адам құқықтары кеңесіне мүшелігінің аясындағы әрекеттестіктің маңызын атап өтті.

Кездесу соңында тараптар Қазақстан мен Польшаның көпжақты форматтағы тиімді ынтымақтастығын атап өтіп, екіжақты қарым-қатынастардың бүкіл ауқымы бойынша сындарлы диалогты жалғастыруғауағдаласты.

Өзгелердің жаңалығы