ЕҚЫҰ миссиясы: Сайлаудан кейін де қадағалаймыз

19 Наурыз 2023, 14:21
949
Бөлісу:
ЕҚЫҰ миссиясы: Сайлаудан кейін де қадағалаймыз
Фото: armenpress.am

Бұл туралы БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен баспасөз маслихатында ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының (ДИАҚБ) сайлауды қадағалау жөніндегі миссиясының басшысы Оуэн Мерфи мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Біз сайлауды бақылауды ақпанда бастадық. Осы уақыттан бері әр мәселені назарға алып, қадағалап келеміз. Біздің 350-ге жуық байқаушымыз Қазақстанның бүкіл өңірінде байқау жүргізіп жатыр. Біз осы айдың соңына дейін осында боламыз. Өйткені сайлаудан кейін арыз-шағым түсуі мүмкін. Осы мәселелерді тәуелсіз зерделеу үшін жұмысты одан әрі жалғастырамыз, - деп мәлімдеді Оуэн Мерфи.

Мерфи сайлаудың алдын ала қорытындысы ертең шығатынын айтты.

Ертең ЕҚЫҰ Парламент Ассамблеясымен бірлесіп, өзіміздің жұмысымыздың алдын ала қорытындысын жария етеміз. Себебі қазіргі таңда біздің әр өңірдегі байқаушыларымыз жедел ақпаратпен бөлісіп жатыр. Сондықтан алдын ала қорытындыны ертең шығарамыз, - деп түйіндеді Оуэн Мерфи.

Өзгелердің жаңалығы