Эпилепсиясы бар адамдарға вакцина салуға бола ма?

29 Наурыз 2021, 19:07
1527
Бөлісу:
Эпилепсиясы бар адамдарға вакцина салуға бола ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Қазақстанда COVID-19 қарсы вакцинация: ең өзекті сұрақтарға жауаптар» тақырыбында өткен онлайн брифинг кезінде ҚР ДСМ Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы директорының клиникалық және ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Ләззат Ерәлиева айтты.

Орталық жүйке жүйесінің менингит, энцефалит сияқты аса қауіпті аурулары кезінде вакцина алуға болмайтыны айтылған. Ал конвульсиялық синдромға (судорожный синдром - ред.) келер болсақ, мұндай дерт кезінде вакцина салуға болмайды деген көрсеткіш жоқ. Қазір біз ресейлік «Спутник V» вакцинасын қолданып жатырмыз. Бұл вакцинаны салдырғаннан кейін біздің елде де, Ресейде де жүйке жүйесі тарапынан ешбір неврологиялық реакция немесе асқыну байқалмады, - дейді ол.

Оның айтуынша, эпилепсиясы бар адамдарға да тұрақты ремиссия кезінде вакцина салуға болады.

Қалай болғанда да, конвульсиялық синдромы бар азамат вакцина алмас бұрын неврологтың тексеруінен өтуі қажет. Сонымен қатар вакцина салдырғаннан кейін температура көтерілген жағдайда дене қызуын түсіретін препарат қолданған жөн, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы