Эпилепсия диагнозы бар 88 бала дәрімен қамтылады

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры ауыр және сирек аурулары бар азаматтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жалғастыруда, деп хабарлады BAQ.KZ.

10 Наурыз 2023 2023, 20:58
АВТОР
 «Қазақстан халқына» қоры 10 Наурыз 2023 2023, 20:58
10 Наурыз 2023 2023, 20:58
1017
Фото: «Қазақстан халқына» қоры

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры ауыр және сирек аурулары бар азаматтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жалғастыруда, деп хабарлады BAQ.KZ.

2023 жылдың ақпан айының соңында және наурыз айының басында еліміздің 5 өңіріндегі денсаулық сақтау басқармаларына эпилепсия диагнозы қойылған 88 балаға жалпы сомасы 4,4 млн теңгеге «Сабрил» дәрісі жеткізілді.

Препарат Түркістан облысындағы 21 балаға, Шымкент қаласындағы 24 балаға, Павлодар облысындағы 18 балаға, Солтүстік Қазақстан облысындағы 12 балаға және Ақмола облысындағы 13 балаға арналған.

«Сабрил» дәрісі «СвиксБиоФарм» компаниясымен тек алдын-ала тапсырыс беру арқылы сатып алынды.

 Өткен жылдан бері «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры 16,1 миллиард теңгеден астам сомаға өмірге қауіп төндіретін және созылмалы сырқаты бар 236 науқасты дәрілік заттармен қамтамасыз етті. Олардың 230-сы сирек кездесетін (орфандық) аурулары бар, олардың ішінде 204-і бала.

Наверх