Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 2022 жылғы 30 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды хабарлады.
Мәліметке сәйкес, Қазақстанның барлық өңірі «жасыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Түркістан облыстары.