Эпидахуал толық тұрақтанғанша, алдын алу шараларын қатаң сақтау маңызды – эпидемиолог

20 Тамыз 2020, 10:25
887
Бөлісу:
Эпидахуал толық тұрақтанғанша, алдын алу шараларын қатаң сақтау маңызды – эпидемиолог

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде карантиндік шектеу шаралары жеңілдетілгеніне қарамастан, коронавирус инфекциясын жұқтырып алмаудың амалдарын жасаған жөн, деп мәлімдеді эпидемиолог, қоғамдық денсаулық сақтау магистрі Манар Смағұл.

ҚР ДСМ ҚДСҰО «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалының инфекциялық және паразиттік аурулар басқармасының басшысы, эпидемиолог, қоғамдық денсаулық сақтау магистрі Манар Смағұл елдегі карантиндік шектеу шаралары жеңілдетілгеніне қарамастан, алдын алу шараларын қатаң сақтау өте маңызды екенін айтты.

Елімізде карантиндік шектеу шаралары жеңілдетілгеніне қарамастан, коронавирус инфекциясын жұқтырып алмаудың амалдарын жасаған жөн. Бұл індеттің қоршаған ортада айналымы тек адамнан адамға жұғу арқылы сақталады. Яғни, бұл дерттің эпидемиологиялық процесін үзу үшін ауру адаммен қарым-қатынаста болған адамдар, COVID-19-бен сырқаттанған адамдар шектеу шараларын қатаң сақтануы керек. Эпидемиологиялық ахуал толық тұрақтанғанша, алдын алу шараларын қатаң сақтау өте маңызды, - дейді ол.

Бұған дейін індетті толық жеңіп шыққанша, сақтық керегін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов те айтқан болатын.

Айта кетейік, 13 тамызда ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен мемлекеттік комиссия отырысы өткен болатын. Онда елдегі қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспары қаралды.

Ал 17 тамыздан бастап еліміздің барлық өңірінде жұмысын қайта бастайтын кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет түрлерінің тізбесі бекітілді.

Өзгелердің жаңалығы