Еуропалық Одақ елдері мен Еуропарламент жасанды интеллектті (AI) қолдануды реттейтін заң бойынша келісімге келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл бастама «ЕО-да сатылатын және пайдаланылатын AI жүйелерін қауіпсіз етуге, қоғамның негізгі құқықтары мен құндылықтарын құрметтеуге» бағытталған.
Ішкі нарық мәселелері жөніндегі Еуропалық комиссар Тьерри Бретонның айтуынша, Еуропа – жасанды интеллектті қолданудың нақты ережелерін бекіткен алғашқы құрлық.