Еуропалық одақ Украина аумағында әскер орналастырудың нақты жоспарын әзірлеуде. Бұл туралы Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Лейен 31 тамызда Financial Times басылымына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қауіпсіздік кепілдіктері өте маңызды. Бізде нақты жол картасы бар және Ақ үймен келісімге келдік. Жұмыс жақсы жүріп жатыр, – деді ол.
FT мәліметінше, жоспар бойынша он мыңдаған еуропалық әскери қызметші АҚШ-тың басқару, барлау және бақылау жүйелері арқылы толық қолдау ала отырып, әскердің негізін құрауы мүмкін.
Сонымен қатар, Германия канцлері Фридрих Мерц Еуропада Украинаға құрлық әскерлерін жіберу тақырыбы ресми түрде талқыланбағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, Киев үшін басты мәселе – қарулы күштерге берілетін қауіпсіздік кепілдіктері мен қолдау.