Қазақстанның соңғы жаңалықтары

ЕО Трамптың Украина шекаралары туралы мәлімдемесін жоққа шығарды

27 Қыркүйек 2025, 05:18
622
Бөлісу:
 pixabay
Фото: pixabay

Еуропалық Одақ АҚШ президенті Дональд Трамптың Украина ЕО көмегімен өзінің ескі шекараларын қалпына келтіре алады деген мәлімдемесін қате деп атады. Бұл туралы Pais газеті жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еуропалық Одақтың көмегімен Украина бұрынғы шекараларын қалпына келтіреді деп айту дұрыс емес. Оқиғалар Трамп қалағандай өрбімейді, ол өзін шындықтан қорғауға тырысады, - деді басылымға Берлиндегі дереккөз.

Тағы бір еуропалық дипломат Еуропаның Украина дағдарысында жалғыз қалғанын атап өтті.

Бұған дейін Дональд Трамп Киевтің «территорияларды қайтарып алуы мүмкін» екенін мәлімдеген еді. Алайда WSJ мәліметінше, ол ешқашан Украинаға Ресейге соққы беруге мүмкіндік беретін американдық қару-жарақ жеткізілуіне жол бермеген.

НАТО Бас хатшысы Марк Рютте Трамптың сөзі Ресейді келіссөздерге итермелеу ниетімен айтылған болуы мүмкін екенін болжады.

Өзгелердің жаңалығы