Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еурополық Одақ Украинадағы жағдайға байланысты Ресейдің тағы 14 бизнесмені мен Федерация кеңесінің 146 мүшесіне санкция салды, деп хабарлады «Хабар 24».
Сонымен қатар Ресей теңіз кеме қатынасына шектеулер енгізді. Осылайша Еуроодақ қара тізімге енгізген жеке тұлғалардың саны 862-ге, ал ұйымдар 53-ке жетті. Брюссель ресейліктерге еуропалық алаңдарда криптовалютамен де операциялар жүргізуніе тыйым салды.
Осымен қатар Еуропалық Одақ Беларусьқа да қаржылай санкциялар салып, осы елдің үш ірі банкін СВИФТ төлем жүйесінен ажыратты. Беларусьтың Орталық Банкіне қолма-қол еуро беруге және Еуропадағы банк депозиттеріне еуро жеткізуге тыйым салынды.