ЕО көшбасшылары Украина мәселесі бойынша шұғыл саммит өткізеді

16 Ақпан 2025, 23:49
351
Бөлісу:
ЕО көшбасшылары Украина мәселесі бойынша шұғыл саммит өткізеді
Фото: pixabay.com

Франция президенті Эмманюэль Макрон 17 ақпанда Парижде еуропалық көшбасшылардың кездесуін өткізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Францияның сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро France Inter радиосына берген сұхбатында мәлімдеді.

Франция президенті басты Еуропа елдерінің көшбасшыларын еуропалық қауіпсіздікті талқылау үшін жинайды, - деп атап өтті Барро.

Алдын ала белгілі болғандай, саммитте Франция, Ұлыбритания, Германия, Польша, Италия, Испания мен Дания мемлекеттерінің көшбасшылары жиналады. Еуропа елдерінің көшбасшылары Трамп әкімшілігінің Еуропаны соғысты тоқтату туралы Ресеймен келіссөзге қатыстырмау туралы шешіміне қарсы екені айтылды.

Шұғыл саммитте Вашингтонның Украина мәселесіне қатысты соңғы шешімдері талқыланады деп күтілуде.

Одан соң Ұлыбританияның премьер-министрі Кир Стармер Еуропа мен АҚШ арасындағы «көпір» ретінде Вашингтонға барып, Трампқа Париж кездесуінің қорытындысы туралы есеп береді.

Одан кейін еуропалық көшбасшылар Украина президенті Владимир Зеленскийдің қатысуымен тағы бір саммит өткізуі мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы