ЕО комиссиясы: Қазақстан қауіпсіз сайлау өткізудің үлгісін көрсетті

10 Қаңтар 2021, 17:11
2041
Бөлісу:
ЕО комиссиясы: Қазақстан қауіпсіз сайлау өткізудің үлгісін көрсетті
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италиядан келген Еуропа Парламентінің депутаты, Еуропа Одақтың Орталық Азиядағы делегаты әрі комиссия төрағасы Фульфио Мартушелло Қазақстандағы сайлау науқанына жоғары баға берді, деп хабарлады Strategy2050.kz.

Фульфио Мартушеллоның айтуынша, барлық халықаралық сарапшы Қазақстандағы сайлау кезінде сақталған санитарлық нормаларға назар аударған. 

Менің ең бірінші байқағаным – дауыс берушілердің көптігі. Мен қуанып кеттім. Демек, біз қалыпты өмірге келе жатырмыз. Қазақстан халқының сайлауға белсенді келуі бұрынғы жайлы өмірімізге қайта оралуымызға үміт сыйлағандай болды. Италияда мұндай сайлауға рұқсат жоқ. Өйткені, мұнда жағдай тұрақсыз. Алайда Қазақстан пандемия жағдайында халық үшін қауіпсіз сайлау өткізудің үлгісін көрсетті, - деді ол.
МАРТУ2.JPG

Халықаралық бақылаушы кезекте тұрған дауыс берушілермен сөйлесіпті. 
Мен бүгін бірнеше дауыс берушімен әңгімелестім. Бір келіншек таңғы сағат 06.00-де келіп, 07.00-ге дейін сайлаудың басталуын күткен. Бұл жауапкершілік. Енді бір азамат Стамбулдан осы сайлауда өз таңдауын жасау үшін арнайы келіпті. Қазақстан халқының саяси науқанға аса құрметпен әрі жауапкершілікпен қатысып жатқаны қуантады, - деп Мартушелло таңданысын жасырмады.

МАРТУ4.JPG

Ол сонымен қатар Қазақстан мен Еуроодақ қарым-қатынасына тоқталды.

МАРТУ3.JPG

Қазақстан Еуроодақ құрамындағы маңызды мемлекет. Жалпы Қазақстан Орта Азиядағы басты мемлекет дер едім. Еуроодақта Қазақстанның өкілдері бар. Олармен тығыз қарым-қатынастамыз. Еуроодақ менен басқа бақылаушы жіберген жоқ. Сондықтан мен кешке дейін сайлау науқанында жұмыс істеймін, - деді Еуроодақ өкілі.

Өзгелердің жаңалығы