Еуроодақ елдерінде бала туу көрсеткіші күрт төмендеп кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ 24kz-ке сілтеме жасап.
"Еуростат" дерегі бойынша былтыр одақ аумағында 3 млн 665 мың сәби дүниеге келген екен. Бұл алдыңғы жылғы көрсеткішке қарағанда 5,5% аз.
Бұған COVID-19 пандемиясының салдары мен рекордтық деңгейдегі инфляция және өзге де жағдайлар әсер еткен, - дейді мамандар.
Әсіресе, Италия, Испания, Грекия, Польша, Финляндия және Балтық елдерінде бала туу деңгейі төмендеп барады.