ЕО бітім кезінде де Украинаға қару жеткізіп тұрады

Бүгiн, 09:20
631
Бөлісу:
ЕО бітім кезінде де Украинаға қару жеткізіп тұрады
Фото: depositphotos.com

Еуропалық Одақ Украинаға қару-жарақ жеткізуді атысты уақытша тоқтату кезеңінде де жалғастырады. Бұл туралы Брюссельдегі дипломаттар мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ DW-ге сілтеме жасап.

14 наурыз күні, ЕО-ның сыртқы істер жөніндегі кеңесінің отырысы қарсаңында, бірқатар еуропалық дипломаттар Еуроодақтың Украинаға қару-жарақ жеткізуді 30 күндік бітім кезінде де тоқтатпайтынын айтты.

Еуропалық Одақ Украина бейбіт келіссөздерге ең мықты позицияда келуі үшін әрекет етуде. Сондай-ақ, ол Трамптың сөзімен айтқанда, ‘жаман келісімнен’ бас тартып, өзіне ең қолайлы сәтте келіссөздер жүргізе алуы керек. Менің ойымша, ЕО мен оның мүшелері Киевке қару-жарақ жеткізуді тоқтатпайды, тіпті агрессор оны атысты тоқтатудың шарты ретінде қойса да” – деді Брюссельдегі еуропалық дипломат.

Тағы бір еуропалық дипломат: “Соғыс қимылдары әлі жалғасып жатыр,  егер уақытша үзіліс болған күннің өзінде, Украина қауіпсіз болу керек, – деп атап өтті.

Оның айтуынша, Украина келіссөздер кезінде күшті позицияға ие болуы тиіс және Ресейге қайта топтасып, жаңа шабуыл жасау мүмкіндігін бермеу қажет.

Өзгелердің жаңалығы