Энрике Иглесиас Қазақстанның ең ірі стадиондарында концерт береді

3 қыркүйекте Астанадағы «Астана Аренада», 5 қыркүйекте Алматының Орталық стадионында шоу өтеді.

 Getty Images Бүгiн 2026, 15:24
Бүгiн 2026, 15:24
403
Фото: Getty Images

Испаниялық поп-орындаушы Энрике Иглесиас Қазақстанда концерт қояды. Шоулар 3 қыркүйекте Астанада, ал 5 қыркүйекте Алматыда өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Алдағы концерттер туралы ақпарат 2026 жылғы 6 наурызда белгілі болды. Әнші бұл жаңалықты өзінің Instagram парақшасында жариялаған.

Жарияланған мәліметке сәйкес, 3 қыркүйекте Энрике Иглесиас Астанадағы «Астана Арена» стадионында өнер көрсетеді. Ал 5 қыркүйекте Алматының Орталық стадионында концерт береді.

Билеттердің сатылымы 7 наурызда басталады. Сонымен қатар эксклюзивті алдын ала сатылым 7 наурыз күні сағат 12:00-де басталып, 9 наурызға дейін жалғасады.

Энрике Иглесиас – испаниялық әнші, композитор және актер. Ол латын поп-музыкасының ең танымал орындаушыларының бірі саналады. Өнер жолында Hero, Bailando, Escape, Tonight (I’m Lovin’ You) және Bailamos секілді ондаған хит ән шығарған. Әлем бойынша оның 180 миллионнан астам музыкалық жазбасы сатылған. Сонымен қатар ол бірнеше мәрте Grammy және Latin Grammy сыйлықтарының лауреаты атанған.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Enrique Iglesias (@enriqueiglesias)

Наверх