Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемдік мұнай-газ күн тәртібінің орталық іс-шараларының бірі – Дүниежүзілік мұнай кеңесінің «Энергетикалық алмасу: ұрпақтар сабақтастығы» .
VII жастар форумы алғаш рет Орталық Азия өңірінде, Алматы қаласында, Қазақстан-Британ техникалық университетінің (ҚБТУ) алаңында 2022 жылғы 29 қыркүйек-2 қазанда өтеді.
Форумды әлемдік энергетикалық ресурстарды жауапты өндіру және пайдалану бойынша диалогты ілгерілету үшін 60-қа жуық әлемдік мұнай-газ елдерін біріктіретін бейтарап, коммерциялық емес ұйым - Дүниежүзілік мұнай кеңесінің жастар ұлттық комитеті өткізеді.
2021 жылғы 5-9 Желтоқсанда Хьюстон қаласында өткен Дүниежүзілік мұнай конгресінде 2022 жылы VII жастар форумын өткізу құқығы Қазақстандық Ұлттық комитет атынан КAZENERGY қауымдастығына берілді.
Жастар форумы мұнай-газ саласындағы тәжірибемен, жаңа ақпаратпен және озық жетістіктермен алмасу үшін бірегей платформа болып табылады. Форумның аудиториясы 2000-ға жуық жас мамандар, студенттер мен аспиранттарды қамтиды.
Қазірдің өзінде студенттер, саланың жас мамандары, сарапшылар форумға қатыса алады.
Жастар форумын өткізу және тіркелу туралы толығырақ ақпарат мына сайтта: www.wpcyouthforum.org;