11 ақпанда Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов Қостанай облысына барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жұмыс сапары шеңберінде Жандос Нұрмағанбетов Қостанай және Рудный ЖЭО-ларының жұмысымен танысады.
Сондай-ақ вице-министрдің өңір тұрғындарымен және коммерциялық емес ұйымдарымен кездесулері, азаматтарды жеке қабылдауы өтеді. Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне брифинг ұйымдастырылады.