Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов жұмыс сапарымен Екібастұз қаласындағы электр станцияларына барды, деп хабарлайды BAQ.KZ
Ағымдағы жылы Екібастұз ЖЭО-да № 15 қазандыққа күрделі жөндеу жүргізу, негізгі және қосалқы жабдыққа ағымдағы жөндеу жүргізу жоспарлануда.
ЖЭО басшылығымен өткен кеңесте 2024-2025 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңнің өту барысы және алдағы жылыту маусымына дайындық жоспарлары қаралды.
Екібастұз ГРЭС-1 сапары аясында Сұңғат Есімханов қуаты 500 МВт № 1 энергоблокты қайта жаңарту жұмыстарымен танысты.
Қазіргі уақытта МАЭС-те № 2 энергоблогы ағымдағы жөндеуде және № 6 энергоблок кеңейтілген-ағымдағы жөндеуде.
Жөндеу жұмыстары кесте бойынша жүргізілуде.