Энергетика министрлігі: Мұнай экспорты бойынша шектеулер жоқ

18 Наурыз 2022, 16:09
1281
Бөлісу:
Энергетика министрлігі: Мұнай экспорты бойынша шектеулер жоқ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Болат Ақшолақов мұнай экспорты бойынша шектеулер жоқ екенін айтты.

Министрдің сөзінше, Қазақстанның экспортқа және ішкі нарыққа жеткізуге арналған мұнай тасымалдаудың әртараптандырылған жүйесі бар.

Болат Ақшолақов қазақстандық мұнайдың экспорты қандай бағыттар бойынша жүзеге асырылатынын айтты.

Олар:

  • Каспий құбыр консорциумының мұнай құбыры;
  • Атырау-Самара мұнай құбыры;
  • Атасу-Алашанькоу мұнай құбыры;
  • Ақтау теңіз порты;
  • темір жол.

Бүгінгі таңда мұнай экспорты бойынша шектеулер жоқ. Бұл ретте Кеңқияқ-Атырау мұнай құбыры бойынша ағымдағы жылғы 1 млн тоннадан 6 млн тоннаға дейін кері бағытта мұнай айдау және Батыс Қазақстан мұнайын Қазақстан Республикасының Мұнай өңдеу зауыттарына және Қытай Халық Республикасына экспортқа беруді қамтамасыз ету мәселелерін шешу қажет, - деп айтты Энергетика министрі.

Өзгелердің жаңалығы