Энергетика министрлігі мен саудиялық ACWA Power компаниясы меморандумға қол қойды

24 Шілде 2022, 16:39
1752
Бөлісу:
Энергетика министрлігі мен саудиялық ACWA Power компаниясы меморандумға қол қойды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Энергетика министрлігі мен саудиялық ACWA Power компаниясы Энергетика саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

2022 жылғы 24 шілдеде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сауд Арабиясы Корольдігіне ресми сапары шеңберінде ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов пен ACWA Power Mohammad Abunayyan төрағасы электр энергетикасы мен жаңартылатын энергия көздерін дамыту саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерінде өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.

Тараптар бірқатар энергетикалық жобаларды іске асыру мүмкіндігін зерделеу бойынша бірлескен жұмыс туралы уағдаласты.

Энергетика министрлігі мен саудиялық ACWA Power компаниясы меморандумға қол қойды

Қол қойылған құжат ынтымақтастықты дамытуға және күн, жел және газ электр станцияларын салу және пайдалану бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру жолдарына бағытталған.

Сондай-ақ меморандум шеңберінде аккумуляторлық батареялар базасында электр энергиясын жинақтау жүйелерін салу арқылы энергия жүйесінің жұмыс режимдерін тұрақтандыруға мүмкіндік беретін инвестициялық жобалар және гидроаккумуляциялық электр станцияларын салу, теңіз суын тұщыландыру және жасыл сутегі өндіру бойынша басқа да энергетикалық жобалар қаралып, зерделенетін болады.

Қол қою барысында Болат Ақшолақов ACWA Power компаниясының Қазақстандағы баламалы энергетика саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруға деген үлкен қызығушылығын атап өтті.

Меморандум қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Өзгелердің жаңалығы