Энергетика министрлігі: бензин тапшылығына ешқандай себеп жоқ

8 Қараша 2021, 10:20
1215
Бөлісу:
Энергетика министрлігі: бензин тапшылығына ешқандай себеп жоқ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бірқатар БАҚ пен әлеуметтік желілерде кейбір жанармай құю бекеттерінде бензин жоқ деген ақпарат пайда болды, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Энергетика министрлігі мұнай өңдеу зауыттарында жанар-жағармай өндірісі үздіксіз жүргізіліп жатқанын хабарлайды. Қор көлемі халықтың бензинге деген қажеттілігін толық қамтамасыз етуге жеткілікті. 

Осылайша, бензин тапшылығына еш негіз бен алғышарт жоқ.

 Егер жанар-жағармай құю станциялары бензиннің жоқтығын алға тартып, сатудан бас тартса, бұл туралы ақпаратты дереу WhatsApp-қа +7 777 999 52 18 телефон нөмірі бойынша хабарлауыңызды сұраймыз. Энергетика министрлігінің мамандары ақпараттың растығын тексереді. 

Нарықта жанар-жағармай материалдарының бағасы негізсіз өсуі және жасанды тапшылық туғызу әрекеттері фактілері бойынша тиісті шаралар қабылдау үшін құзырлы органдарға жолданатын болады.

Өзгелердің жаңалығы