Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Энергетика министрлігі: 10 ЖЭО "қызыл аймақта" тұр

7 Тамыз 2025, 12:08
684
Бөлісу:
 - архив/ Артём Чурсинов
Фото: - архив/ Артём Чурсинов

Қазақстанда 10 жылу электр орталығы "қызыл аймақта" тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Үкімет үйінде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Журналистер салалық министрлік өкілінен елдегі жылу электр орталықтарының жағдайы туралы сұрады.

Айтуынша, бүгінгі таңда елдегі жылу желілерінің орта есеппен 60%-ы тозған. Алайда бұл көрсеткіш өңірлерге байланысты әртүрлі.

Біз 37 жылу электр орталығының жеке есебін жүргіземіз. Былтыр 19 ЖЭО "қызыл аймақта" болса, қазір олардың саны – 10-ды құрайды. Үш станция "сары аймақтан" "жасылға" өтті. Жалпы, жылу энергетика нысандарының техникалық күйіне байланысты жағдай соңғы екі жылда айтарлықтай жақсарды, - деп жауап берді ведомство басшысының орынбасары.

Еске салайық, Үкіметте Қазақстандағы жылу маусымына дайындық жұмыстары туралы айтылды.

Өзгелердің жаңалығы