Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев елімізде мұнай өнімдерінің тапшылығын болдырмас үшін тағы бір мұнай өңдеу зауытын салуды кешіктірмей бастау керегін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Министр мұндай ұсынысты Мәжілістегі Үкімет сағатында жариялады.
2036 жылы күтілетін жеңіл мұнай өнімдерінің тапшылығына байланысты қуаты жылына 10 млн тонна болатын жаңа мұнай өңдеу зауытын жобалауды, бірақ 2030 жылдан кешіктірмей жобалауды және 2032 жылы салуды бастау қажет, - дейді Сәтқалиев.
Оның айтуынша, жаңа мұнай өңдеу зауытын салу 2040-2050 жылдар аралығында елдің жанар-жағармайға деген қажеттілігін жабады. Ол Орталық, Оңтүстік және Оңтүстік-Батыс Азияның қарқынды дамып жатқан нарықтарына жанар-жағармай экспорттауға мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысы ішкі нарықты отандық битуммен қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өткен болатын. Бүгінгі таңда зауыттардың қазіргі қуаты 1,2 млн тонна, бұл ішкі нарықтың барлық сұраныс көлемін өтейді, - деп түсіндірді ведомство басшысы.
Еске сала кетейік, осыған дейін Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Мәжілістегі Үкімет сағатында автогаз бен жеңіл мұнай өнімдері тапшылығын қалай болдырмайтынын айтып берді. 2026 жылдан бастап еліміз жыл сайын 100 млн тоннадан астам мұнай өндірмек. Энергетика министрі 10 айда еліміз 73 млн тоннадан астам мұнай өндіргенін және бұл көрсеткіш жыл соңына дейін өсетінін айтты.