Энергетика министрі ШҚО жылу орталығының жұмысымен танысты

Бүгін Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Шығыс Қазақстан облысына барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

14 Шілде 2023 2023, 11:54
АВТОР
 Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі 14 Шілде 2023 2023, 11:54
14 Шілде 2023 2023, 11:54
1102
Фото: Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

Бүгін Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Шығыс Қазақстан облысына барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жұмыс сапары шеңберінде Алмасадам Сәтқалиев Риддер ЖЭО-ға барып, жылу орталығының жұмысымен танысады.

Сондай-ақ министр өңір тұрғындарымен және коммерциялық емес ұйымдарымен кездесулері, азаматтарды жеке қабылдауы өтеді. Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне брифинг ұйымдастырылады.

Естеріңізге сала кетейік, алдағы уақытта ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанның өңірлеріне арнайы жұмыс сапарымен барып, өңірлердегі жылу орталықтарының алдағы жылыту маусымына дайындығын тексереді.

Наверх