Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қарағанды облысына барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жұмыс сапары шеңберінде Болат Ақшолақов келесі өндірістік объектілердің: «Kazakhmys Energy» ЖШС-ның Топар МАЭС-і, «Қарағанды» АГТС-і, «Қарағанды Энергоорталығы» ЖШС-ның 3-ЖЭО-сы, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның 2-ЖЭО-сы және №7 қазандық агрегатының құрылысы барысымен танысты.
Сондай-ақ министрдің өңір тұрғындарымен және коммерциялық емес ұйымдарымен кездесулері өтеді, жұмыс сапарының қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне Теміртау қаласы әкімдігінің базасында брифинг ұйымдастырылады.