Энергетика министрі орнында қала ма?

3 Сәуір 2023, 16:50
768
Бөлісу:
Энергетика министрі орнында қала ма?
Фото: ОКҚ

Бұл сұраққа Энергетика министрінің міндетін атқарушы Болат Ақшолақов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Үкіметтегі ауыс-түйістерге байланысты қазіргі лауазымыңызда қаласыз ба? – деп журналист Энергетика министрлігінің басшысы Болат Ақшолақовтан сұрады.

Өз кезегінде Энергетика министрі (м.а.) өзіне бағытталған сұраққа жауап берді.

Қажеттілік бар болса, керек болсам қалдырады. Жоқ болса, жоқ. Мұны мен өзім шеше алмаймын. Мұндай шешім қабылдайтын кісілер бар, - деп айтты Ақшолақов.

Елімізде 2023 жылы 29 наурызда Президент Жарлығымен Үкімет отставкаға кеткен болатын. 

Дәл осы күні Болат Ақшолақов Энергетика министрінің міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы