Энергетика министрі: АЭС салу неғұрлым перспективті шешім болып көрінеді

14 Ақпан 2022, 14:39
1606
Бөлісу:
Энергетика министрі: АЭС салу неғұрлым перспективті шешім болып көрінеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Энергетика министрі Болат Ақшолақов хабарлады. 

Оның айтуынша, Қазақстанда атом энергетикасын дамыту әлеуеті жеткілікті.

Біз өндірілетін табиғи уран көлемі бойынша әлемде бірінші орындамыз. Бізде ядролық отын компоненттері өндіріледі.  Сондай-ақ біздің елде уранды изотопты байыту бойынша қызметтерге қолжетімділік бар. Өткен жылы Үлбі металлургия зауытының базасында Қытайдың атом электр станциялары үшін дайын ядролық отын шығаратын зауыт ашылды. Ядролық отын белсенді шығарыла басталды, - деді министр. 

Сонымен қатар ол атом өнеркәсібінің келешегіне тоқталды. 

Кадрлық әлеует пен тәжірибеге келетін болсақ, атом өнеркәсібі мен ғылым саласында бізде 24 000-ға жуық адам еңбек етеді. Электр энергиясының алдағы тапшылығын, әлемдік экологиялық күн тәртібіне байланысты көмір генерациясына тәуелділікті төмендету қажеттілігін, өндірістік қуаттардың тозуын, сондай-ақ Қазақстанның атом энергетикасын дамытудағы зор әлеуетін ескере отырып, елімізде АЭС салу неғұрлым перспективті шешім болып көрінеді, - деді Болат Ақшолақов. 

Өзгелердің жаңалығы