Энергетика, медицина және металлургия: Қытайлық компаниялар Қазақстанға инвестиция салмақ

Кеше, 12:12
200
Бөлісу:
Энергетика, медицина және металлургия: Қытайлық компаниялар Қазақстанға инвестиция салмақ
Фото: Үкімет баспасөз қызметі

Қытайдың жетекші компаниялары өкілдері Қазақстанға стратегиялық жобаларды іске асырудағы сенімді серіктес ретінде қызығушылық танытты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

  • China Huadian Corporation компаниясы директорлар кеңесінің атқарушы мүшесі Цзу Бинь өз сөзінде Қазақстанмен энергетика саласындағы, оның ішінде шығарындыларды азайту жөніндегі ынтымақтастықты кеңейту туралы; 
  • SUN Energy Investment бас директорының міндетін атқарушы Янь Гочун Қазақстандағы алғашқы көмір химиясы кешенін іске қосу жоспары туралы хабардар етті;
  • Beijing Jianlong Heavy Industry Group директорлар кеңесінің төрағасы Чжан Чжисян – болат өнеркәсібіндегі ынтымақтастықты дамыту туралы;
  • Zijin Mining Group директорлар кеңесінің төрағасы Чэнь Цзинхэ – геологиялық барлау және сирек жер кендерін өндіру саласындағы жобаларды іске асыру жоспары туралы айтты.
  • CP Pharmeceutical Group вице-президенті Се Лэй – медицина саласында кластер құруға инвестиция салу туралы; 
  • Beiqi Foton Motor бас директоры У Сибинь – Қазақстанда автомобиль жасау саласындағы өндірісті локализациялау туралы; 
  • ACRE инженерлік-консалтингтік компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Ян Чжуни технологиялар трансферті бөлігіндегі өзара іс-қимыл туралы;
  • Sinotruk International бас директоры Чжао Хуа Қазақстанда жоғары сапалы автомобиль жүк техникасын өндіруді локализациялау жоспары туралы хабарлады. 
  • Darwin Biotech Co., Ltd. директорлар кеңесінің төрағасы Чэнь Цзяньхуэй өсімдік шаруашылығы саласындағы қазақстандық серіктестермен ынтымақтастықты кеңейту ниетімен бөлісті; 
  • Fujian Hengwang Investment (металлургия) басқарма төрағасы Цзэн Чжаоцзян Жамбыл облысында өнеркәсіптік жобаны іске асыру жоспары туралы баяндады.

Айта кетейік, елімізде қытайлық тағы үш автомобиль зауыты салынатыны белгілі болды.

Өзгелердің жаңалығы