Эндокринолог артық салмағы бар әйелдерді сынға алды

26 Шілде 2023, 10:00
2535
Бөлісу:
Эндокринолог артық салмағы бар әйелдерді сынға алды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ -архив

Әлеуметтік желіде эндокринолог артық салмағы бар қыз-келіншектерді сынға алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Эндокринолог Эльвира Ерікқызы парақшасындағы бейнежазбада:

Сіздер, (семіз, ұсқынсыз тәтелер) үнемі өз кемшіліктеріңізді жасырып-жабуға әрекеттеніп жатырсыздар. Мүмкін мұны қолға алатын уақыт келген шығар? - дейді ол.

Эндокринологтың бұл үндеуі Қазнетте қызу талқыланып, желі қолданушыларының ойы екіге жарылды. Бірі дәрігердің сөзін құптады, енді бірі сөйлеу мәнерін кәсібилікке жат, тым дөрекі деп айыптады.

Бейнежазбаның астына жазылған пікір мұнымен шектелмейді.

Бұл сөзіңіздің салдары туралы ойладыңыз ба? Таяқтың екі ұшы бар. Біреуге мотивация, басқа бұрымдылар үшін керісінше әсер беруі мүмкін», «Оқырман санын арттырып, қаралым жинау үшін бәріне барады. «Әпке, қойсаңызшы», «Қандай дөрекі, - деген пікірлер айтылды.

Авторды жақтайтындар да табылды. «Маған айтқаны ұнады. Айтылған сөздердің арқасында өз-өзімді қолға алуға бекіндім», «Ащы болса да шындық», «Бұл рас» дегендер де баршылық.

Эльвира Ерікқызынан салауатты өмір салтын насихаттаудың неліктен дәл осы түрін таңдағанын сұрадық.

Өз пікірімді айтуға мүмкіндік бергеніңізге рақмет. Мен біреуді қорлап, кемсітуді көздеген емеспін. Оқырмандарымның назарын аударып, денсаулықтарына бей-жай қарамауға шақыруды ғана мақсат еттім, - деді маман.

Дәрігер өзі туралы оң пікір айтпайтынын білсе де бейнежазбаны жүктегенін айтады. Бастысы азаматтар деннің саулығы бірінші орында екенін түсінсе дейді.

Менің арқамда қалыпқа келіп, алғысын айтушылар баршылық. Әріптестерім де бастамамды қолдады. Олар уақыт өткен сайын ауруын асқындырып алып ақ халаттылардан көмек сұрайтындар көбейгенін айтады, - деді Эльвира Ерікқызы.

Назерке Өтеген

Өзгелердің жаңалығы