Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Енді жұмыс берушілер қызметкері үшін көбірек жарна төлейді

Бөлісу:
 pixabay
Фото: pixabay

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасының мөлшері ұлғайды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

БЖЗҚ ақпаратынша, қазіргі таңда жарна мөлшерлемесі қызметкердің табысынан 3,5% құрайды.

Жарна мөлшері кезең-кезеңімен өседі:

2024 жылы – 1,5%

2025 жылы – 2,5%

2026 жылы – 3,5%

2027 жылы – 4,5%

2028 жылы – 5%

Еске сала кетсек, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық жұмыс берушілер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан өз қызметкерлерінің пайдасына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын аударуға міндеттеледі.

Маңызды:

Бұл жарналар қызметкердің жалақысынан ұсталмайды. Оларды жұмыс беруші қызметкердің міндетті зейнетақы жарналарына қосымша түрде төлейді.

Өзгелердің жаңалығы