Қазақстандық өнертапқыштар шалғай ауылдарда электр қуатын үнемдеп, үйді сумен жылытатын қондырғы ойлап тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазақстанның барлық өңірінде қысқа дайындық қарқынды жүргізіліп жатыр. Бірақ, кей ауылдық аймақтар әлі күнге дейін үйді көмір жағу арқылы немесе газ қондырғылары арқылы жылытып отыр. Ол біріншіден электр қуатын көп қажет етеді және ай сайынғы төлем шамадан тыс шығуына себеп болады.
Қазақстандық өнертапқыштар мұның тиімді жолын ойлап тапты. Енді Қазақстандықтар үйді қарапайым сумен жылыта алады.
Бұл құрылғыны жасау барысында судың ішінде құйың тұрғызу арқылы, судың темпаратурасын көтеруге мүмкіндік жасадық дейді «ASYL ADAM» қорының негізін қалаушы Қөңілбай Шүкенов.
Бұл жобаларды кәсіби тұрғыдан 2018 жылдан бастап қолға алдық. Астанадан, кейін Алматыдан қондырғыны жинап бастадық. Бірақ, тоқты қалыпты сақтап қалу құпиясын шеше алмаған едік. Қазір жаңа технологияларды пайдалана отырып, оның шешімін таптық. Мысалы, генераторды айналдыра тоқты шығарып, қозғалтқышқа бөлгенде ол өзін 30%-ға қуаттандырады да, 70%-ын тұтынушыға бере алады,-дейді ол.
Бұл өнертапқыштар зерттеп жатқан жалғыз қондырғы емес.
Келесі қондырғы арқылы жерге қазық қағып минусты алып, қоршаған ортадан тоқты алуға болуға. Біз оның да құпиясын таптық. Қазіргі таңда қондырғыға қажетті бірнеше құрылғылар табылған жоқ. Сол себепті қондырғы толық жарыққа шықпады,-дейді.
Сонымен қоса, Көңілбай Құдайбергенұлы барлық идеялардың бастамасы «Asyl adam» қорынан екенін айтты. 2014 жылдан бастауын алған қорда түрлі жоба жарыққа шығып, бүгінде патенттеліп, дүйім жұртқа қызмет етіп отыр. Дегенмен, шешілуі тиіс мәселелер де бар...
Бүгінгі таңда құрылғысы жарыққа шықпаған, әлі ізденіс барысындағы жобалар өте көп. Оған керек сым, транзистор, орама, магниттердің барлығын Қытайдан өзіміз алып отырмыз. Кей адамдардың берген тапсырысы, құрылғыға дұрыс келмей жатады. Сондай кезде ол идеяның жұмысы да тоқтайды. Себебі, құрылғы бөлшектеріне қайта тапсырыс беру үшін қаражат керек. Сондықтан осындай пилоттардың барлығын мемлекет гранттармен қамтамасыз етсе деймін,- дейді ол.