Енді шалғай ауылдарға жылжымалы дәріхана пункттері баратын болады

2 Наурыз 2021, 10:58
8125
Бөлісу:
Енді шалғай ауылдарға жылжымалы дәріхана пункттері баратын болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой алғашқы медициналық-санитариялық көмекті дамыту туралы өткен Үкімет отырысы барысында айтты.

МСАК қызметі қалың жұртшылық, әсіресе, ауыл тұрғындарына мейлінше жедел әрі қолжетімді болуы үшін министрлік атқарылуы тиіс бірқатар шара жоспарын құрды. Ең алдымен, МСАК ұйымдарындағы медициналық қызмет көлемі қолжетімділігін арттыру, МСАК ұйымдары инфрақұрылымын жолға қою, денсаулық сақтау жүйесіндегі кадр әлеуетін арттыру, цифравизацияны дамыту, нормативті-құқықтық акт және қаржыландыру жүйесін жетілдіру керек, - деді министр. 

Оның айтуынша, МСАК ұйымдарындағы медициналық қызмет көлемінің қолжетімділігін арттыру мақсатында үздік тәжірибе аймақтық орталықтарын дамыту қолға алынған. Сонымен қатар профилактиканың (мысалы, халықты профилактикалық тексеру әдісі – Check-Up) жаңа әдістері де ескерілетін болады. 

Ауруларды бақылау бағдарламаларының аясы кеңейтіліп, мектеп медицинасы қосылатын болады. Сондай-ақ тәуелсіз медбике тәжірибесін (тәуелсіз медбике қабылдауы) де кеңейту жоспары бар. Медициналық қызмет көлеміне қолжетімділікті арттыру мақсатында патронажды прогрессивті моделін жүзеге асырылып, медициналық қызметтер тарифі жетілдіріледі. Ал медициналық қызметтер шалғай жатқан елді мекен тұрындарына қолжетімді болуы үшін жылжылмалы медициналық кешендердің көмегімен ауыл тұрғындарын барынша қамту қолға алынбақ. Сонымен қатар жылжымалы дәріхана пункттері енгізіледі, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы