Енді саяси реформа жасалуы керек – Азаматхан Әміртай

5 Қаңтар 2021, 15:59
2627
Бөлісу:
Енді саяси реформа жасалуы керек – Азаматхан Әміртай

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарық көрген мақаласына байланысты «Байтақ-Болашақ» экологиялық альянсының президенті Азаматхан Әміртай пікір білдірді.

Президенттің мақаласын оқып шықтым. Мақалада төртінші онжылдыққа біз қуатты мемлекет, санасы жаңарған ел боламыз деп айтыпты. Осыған қатысты ойлармен мен толықтай келісемін. Ең бірінші ұлттық санамызды қалыптастыру, яғни соңғы жүз жылдық не екі жүз жылдық емес, одан да тереңірек, яғни мыңжылдық тарихымызға қарау, ұлттық кодымызды анықтауымыз керек. Осы орайда Президент те тарихи ұлттық құндылықтарымызды анықтау мәселесіне кеңірек тоқталған. Біз ұлттық рухымызды көтеруіміз керек. Ал ұлттық рух тек тарихымызбен ғана көтеріледі. Оның да түрлі технологиялары бар. Мәселен, тарихты қарап шығу, тарихи кинолар түсіру. Өйткені рухы мықты мемлекет мықты ел болады, - дейді Азаматхан Әміртай.

Ол біз қуатты мемлекет болуымыз үшін саяси-экономикалық реформа жүргізуіміз керек деп санайды. 

Президент те көппартиялы жүйені, пікір алуандылығын да қолдады. Сондықтан саяси реформа жасалу керек. Ол болмаса, яғни халықтың уәжі, мәселесі билікке жетпесе, баяғы жартас сол жартас болып қалады. Сол себепті халықтық партиялардың пайда болуы, олардың саясатқа араласуын қамтамасыз ету, заңдастыру ол биліктің жұмысы болуы тиіс. Осы турасында да Президент нақты айтып өтті. 

Сонымен қоса экономикалық бағытты да дұрыстауымыз керек. Саяси ашықтық болған кезде ғана экономикалық даму да пайда болады. Белгілі бір топтардың ғана (интересі) пайдасы, көзқарасы ғана емес, халықтың да көзқарасы есепке алынуы қажет, - дейді экологиялық альянс басшысы.

Өзгелердің жаңалығы