Енді қазақстандықтарға 55 жастан бастап арнайы әлеуметтік төлем төленеді

1 Қыркүйек 2023, 12:27
4413
Бөлісу:
Енді қазақстандықтарға 55 жастан бастап арнайы әлеуметтік төлем төленеді
Фото: Скрин

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өндірістік жарақаттанудың жоғары деңгейі өте өзекті мәселе болып қала береді. Үкімет жыл соңына дейін 2030 жылға дейін Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын қабылдауы керек. Ол жұмыс орындарындағы кәсіби тәуекелдердің алдын алуға және болдырмауға бағытталуы керек, - деді Президент.

Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Үкімет зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істейтін адамдарды әлеуметтік қолдау тетігін әзірледі. Мәселе көптен бері талқыланып келеді және қазір шешім табылды.

Президент оның негізгі параметрлерін атап өтті.

Салалардың дамуына қосқан елеулі үлесін және денсаулыққа зиян келтіру дәрежесін ескере отырып, мұндай қызметкерлерге зейнеткерлік жасқа толғанға дейін, атап айтқанда, 55 жастан бастап арнайы әлеуметтік төлем төленеді. Парламенттен Үкіметтің ұсыныстарын жедел қарауды сұраймын. Адамдар бұл мәселені шешуді күтіп отыр, - деп айтты Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында.

Өзгелердің жаңалығы