Енді қазақстандықтар сенімхатты онлайн-режимде рәсімдей алады

11 Сәуір 2023, 16:25
1250
Бөлісу:
Енді қазақстандықтар сенімхатты онлайн-режимде рәсімдей алады
VIDEO
Фото: kp.ru

Мұндай сенімхат «Цифрлық құжаттар» сервисінде қолжетімді және оны талап ету орнына ұсынуға болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин айтуынша, сенімхат ресімдеу үшін қосымшаға кіріп, нотариусқа бейнеқоңырау шалу жеткілікті.

Біз электронды Үкімет жобасы аясында жаңа цифрлық сервистер шығарып жатырмыз. Соның бірі - бүгінгі «Цифрлық нотариат» пилоттық жобасы. Бұл - сенімхаттарды онлайн түрде рәсімдеу жүйесі. Ондағы мақсат - нотариус қызметін халыққа барынша ыңғайлы етіп, онлайн форматқа  көшіру, - дейді ол.

Оның айтуынша, бұл қызметті пайдалану үшін электронды Үкіметтің eGovMobile қосымшасын жүктеп алу қажет. Осыдан кейін қосымшада тіркеліп, нотариусқа қатысты құжаттарды рәсімдеуге болады. Бұдан бөлек қосымшада электронды Үкіметтің 600-ге жуық қызметі қолжетімді. 

Мұндай онлайн қызметтің кесірінен нотариустар жұмысы тоқтап қалады деген дұрыс емес. Біздің жоба, бірінші кезекте, адамдар арасындағы қарым-қатынысты жеңілдетуге бағытталған. Адамдар eGovMobile қосымшасы арқылы қай жерде болмасын, тіпті шетеледе отырып, қызметтерді пайдалана алады. Яғни халық нотариус кеңселерін жағалап жүрмейді, ал адамдар нотариустар видео арқылы байланысқа шығады, - деп түсіндірді Бағдат Мусин. 

Сондай-ақ Бағдат Мусиннің айтуынша, Қазақстан БҰҰ-ның «электронды Үкімет» рейтингісінде 28-ші орында. Ал осы рейтингке қарасты «онлайн қызмет көрсету» бойынша еліміз әлем бойынша 8-ші орында тұр. 

Видео: Нұрасыл ЕРЖАНОВ
Өзгелердің жаңалығы