Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Енді Қазақстан азаматтары Арменияға жеке куәлікпен бара алады

2 Қазан 2025, 15:11
1249
Бөлісу:
 BAQ.KZ  - архив
Фото: BAQ.KZ - архив

Сенаторлар Қазақстан мен Армения арасындағы азаматтардың саяхаттары мен олардың тұру тәртібі туралы, сондай-ақ миграция саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдерді ратификациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бірінші құжат өзара сапарларды жеңілдетеді. Енді Қазақстан азаматтары үшін тек жеке куәлік жеткілікті. Ал тіркеусіз тұру мерзімі алты ай ішінде 90 күнге дейін ұзартылды.

Бұл туризмді, іскерлік байланыстарды дамытуға және гуманитарлық байланысты нығайтуға септігін тигізеді. Екінші келісім миграция саласындағы ынтымақтастықты реттейді.

Ол деректер мен құқықтық ақпарат алмасуды, заңсыз миграция мен қос азаматтыққа қарсы бірлескен шараларды, сондай-ақ тиісті органдардың әрекеттерін үйлестіруді қарастырады.

Өзгелердің жаңалығы