Енді онлайн микрокредит қарыз алушының тек ЭЦҚ-сы арқылы берілуі мүмкін

5 Маусым 2021, 15:24
2139
Бөлісу:
Енді онлайн микрокредит қарыз алушының тек ЭЦҚ-сы арқылы берілуі мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Мәжіліс депутаттарының микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда онлайн-кредиттерді ресімдеу тәртібін қатаңдатуға қатысты қойған сауалына жауап берді.

Агенттік 2020-2021 жылдары халыққа микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) берген микрокредиттерге мониторинг жүргізіп, олар бойынша алаяқтық белгілері анықтады. Ішкі істер министрлігінің ақпараты бойынша 2020 жылы 3 000 интернет алаяқтық тіркелген, олар қаржы ұйымдары мен МҚҰ-дан басқа, қаржы пирамидаларының, халықтан ақшаны заңсыз инвестициялаудың және тартудың әртүрлі нысандары бар ұйымдардың қатысуымен қосымша заңсыз операцияларды қамтиды.

Агенттіктің деректері бойынша МҚҰ-ға қатысты 2020 жылы 77,9 млн теңге сомаға немесе берілген онлайн микрокредиттердің барлық санының 0,05% жалған микрокредиттердің 956 жағдайы анықталды. Былтырғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда осы жылғы 4 айда жалған микрокредиттер беру жағдайларының жалпы сомасы 10,6 млн теңгеге 94 жағдайға дейін 3,6 есе төмендеді.

ІІМ-нің мәліметтері бойынша 96% жағдайдың қылмыстық сипатта екендігін атап өтеміз және жоғалған, ұрланған, жалған жеке басын растайтын құжаттарды пайдалануға, сондай-ақ қашықтық тәсілімен микрокредиттер ресімдеу кезінде қарыз алушыларды идентификаттаудың жеңілдетілген тәсілін (коды бар тексеру СМС жіберу) пайдалануға байланысты, - деді агенттік.

Агенттік 2021 жылдан бастап микрокредиттермен алаяқтықты болдырмау мақсатында тиісті қадағалау шараларын қабылдады:

1) 2021 жылғы ақпанда Агенттік МҚҰ-ға қатысты электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен биометриялық идентификаттаусыз не идентификаттаусыз электрондық тәсілмен микрокредиттер беруді тоқтатуға ұйғарым жасады;

2) бұған қосымша зардап шеккен азаматтарды қорғау үшін МҚҰ алаяқтық тәсілмен алынған микрокредиттер бойынша сыйақы және айыпақы есептеуді тоқтатты, сондай-ақ кредиттік бюроға кредиттік тарихтарды түзету туралы ақпарат жіберді;

3) 2021 жылғы наурызда Агенттік онлайн-қарыздар беруді жүзеге асыратын барлық МҚҰ-ға клиентті нақты тексеруді және оны растауды, оның деректерін өтінімде берілген деректермен салыстырып тексеруді, клиенттің нақты биометриялық деректерінің жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілген деректерге сәйкес болуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ клиенттің микрокредит алуға өз еркін білдіруін шектеуді міндеттеді.

Микрокредиттерге қатысты алаяқтыққа жол бермеу үшін жүйелік деңгейде Агенттіктің қаулысымен онлайн микрокредиттер беру кезінде қарыз алушыларды идентификаттаудың жаңа 4 тәртібі енгізілді. Енді онлайн микрокредит алу үшін қарыз алушыны тек идентификаттау электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің ҚБЕО РМҚК СДАО сервисін пайдалана отырып, қарыз алушының биометриялық өлшемдеріне сәйкестігі немесе нақты уақыт режимінде қарыз алушының жеке деректері мен бейнесін екі факторлы тексеру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін, - делінген ресми жауапта.

МҚҰ микрокредит беру құпиясын құрайтын ақпаратқа заңсыз қол жеткізу, оны заңсыз өзгерту, үшінші тұлғалар тарапынан заңсыз іс-әрекеттерді жүзеге асыру анықталған жағдайда, екі жұмыс күні ішінде осындай іс-әрекеттердің себептері мен салдарларын жою үшін шаралар қабылдауға міндетті. Бұдан басқа, Агенттік онлайн-қарыздар бойынша алаяқтық операцияларға азаматтарды тартуға жол бермеу үшін қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізу бойынша ісшараларды іске асырды.

Өзгелердің жаңалығы