Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Еске сала кетсек, елімізде жаңа Салық кодексі қабылданды. ҚҚС (қосылған құн салығы) негізгі мөлшерлемесі 12%-дан 16%-ға өсетін болды.
Енді кім көп табыс тапса, сол салықты көбірек төлейді. Бұл ретте, табысы төмен азаматтар үшін елеулі жеңілдіктер қарастырылған. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін төлемдер жеке табыс салығынан босатылады, - деді ол.
Қошанов атағандай, көтерілген тағы бір маңызды әлеуметтік мәселе – дәрі-дәрмек пен медициналық қызметтерді қосылған құн салығынан босату.
Сондай-ақ, депутаттар кітап оқу мәдениетін насихаттау үшін баспалар мен баспасөз басылымдарын қолдау жайын да қарастырды.
Жалпы, қабылданған Салық кодексі мемлекет – бизнес – қоғам арасындағы әділетті қарым-қатынастың жаңа кезеңіне жол ашпақ. Үкіметпен бірлескен жұмыстың нәтижесінде біз сапалы, ашық, әділетті әрі түсінікті Салық кодексін қабылдадық, - деп айтты Мәжіліс спикері отырыста.
Еске салайық, бұған дейін Ғани Бейсембаев мұғалімдердің айлығы тағы көтеріле ме деген сұраққа жауап берген болатын.