Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Енді БЖЗҚ-да жиналған қаражатты ем алу үшін жұмсауға болады.
Рұқсат етілген медициналық қызметтер тізіміне енгендер:
- Орфандық (сирек кездесетін генетикалық) ауруларды емдеу. - Емге қажетті дәрі-дәрмек, сондай-ақ емдеу тактикасын айқындауға арналған диагностикалық зерттеулер;
-Қазақстан аумағындағы медициналық ұйымдарда көрсетілетін стоматологиялық қызметтер (тіс протездеу, имплантация);
-Операциядан кейінгі тыртықтар мен туа біткен ақауларды, сондай-ақ мастэктомиядан кейінгі түзету мақсатында реконструктивті және қалпына келтіру операциялары (пластикалық операциялар);
- Радионуклид, протон және радиойодтерапия;
-Радиохирургиялық емдеу (гамма-пышақ, киберпышақ)
-Офтальмологиялық қызметтер (мүйізді коллагеннің кросслингі, лазерлік түзету).
Естеріңізде болса, ЭКҰ процедурасын қосуға уәде еткен еді, бірақ тізімде жоқ.