Енді азаматтар кез келген өңірде тұрып, зейнетақы мен жәрдемақыға өтініш бере алады

3 Наурыз 2021, 13:17
1830
Бөлісу:
Енді азаматтар кез келген өңірде тұрып, зейнетақы мен жәрдемақыға өтініш бере алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру бойынша атқарылған жұмыстар және заманауи технологияларды пайдалану бойынша Еңбек министрлігі қызметтерінің сапасын жақсарту жоспарлары жайында вице-министр Ербол Оспанов айтып берді.

Вице-министр мемлекеттік қызмет алушыларға ыңғайлы болу мақсатында зейнетақы мен жәрдемақы тағайындауға өтініштерді эксаумақтық қабылдау бойынша жұмыс жасалып жатқандығына тоқталды.

Бұл принцип азаматтардың тіркелген жеріне ғана емес, басқа өңірлерден кез келген халыққа қызмет көрсету орталығында зейнетақы және жәрдемақы тағайындауға өтініш бере алады. Қызметтерді кезең-кезеңмен ауыстыруды ағымдағы жылғы 1 сәуірден бастап іске қосу жоспарланып отыр, - деп атап өтті ол брифингте.

Айта кетейік, 2020 жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік-еңбек саласында азаматтарға 12,4 млн мемлекеттік қызмет көрсетілді. Олардың 7,8 млн-ы электронды форматта жүргізілді. Сонымен қатар биыл министрлік электрондық қызмет түрін 93 пайызға жеткізуді жоспарлап отыр.

Әлеуметтік салада жалпы саны 44 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі.


Өзгелердің жаңалығы