Енді азаматтар банк қосымшасы арқылы тұратын жерін тіркей алады

4 Сәуір 2022, 11:14
3009
Бөлісу:
Енді азаматтар банк қосымшасы арқылы тұратын жерін тіркей алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ-нің дәстүрлі брифингінде белгілі болды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылатын полиция жұмысын цифрландыру аясында осы жылдың сәуір айынан бастап «Halyk home bank» мобильді қосымшасы арқылы азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеудің пилоттық жобасы іске қосылды. Аталмыш қосымша арқылы азаматтар 5 минут ішінде тұрғылықты жері және уақытша тұратын жері бойынша тіркелуге мүмкіндік береді, - деді Шұғыла Тұрлыбек. 

Ол атап өткендей, ол үшін смартфонға аталған қосымшаны көшіріп алу керек.

«Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде «халықты тұрғылықты тіркеу» тармағын таңдап, тіркеу түрі мен мерзімін, қызмет алушының мәртебесіне қатысты жоларды толтыруы керек. ІІМ азаматтарға ұсынылатын мемлекеттік қызметтерді цифрландыруды жалғастырып жатыр. Бүгінде көрсетілетін 40 мемлекеттік қызметтің 38-і автоматтандырылған, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы