Енді әуе рейсі кешіксе, компания басшылары айыппұл арқалайды

20 Тамыз 2024, 14:32
500
Бөлісу:
Енді әуе рейсі кешіксе, компания басшылары айыппұл арқалайды
Фото: BAQ.KZ -архив

Көлік министрі Марат Қарабаев әуе компанияларының рейстері неге кешігетінін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министр соңғы үш жылда жолаушылар ағыны 20 пайызға өскенін айтады. Бұл үрдіс әуежайлардың тиісті инфрақұрылымын жаңартуды қажет етеді. Сондықтан бүгінгі таңда еліміз 6 әуежайда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар қыркүйек айына қарай аяқталмақ. 

Мәселен, Астана әуежайының ұшу-қону жолағы 20 жылдан бері жөндеу көрмеген. Оның үстіне жүктемесі де көп.

Әдетте инфрақұрылымды жаңарту бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жазда жүргізіледі. Өкінішке қарай бұл аралық біз үшін қысқа. Мұның бәрі жалпы жүйе мен ұшақтардың кешігуіне әсер етеді. Астана, Алматы, Ақтөбе, Балқаш және Павлодар әуежайларында инфрақұрылымды дайындау мүмкіндіктерін жақсарту үшін құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде, - дейді Қарабаев үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте.

Министрдің айтуынша, рейстердің кешігуі күн райы мен адами факторларға байланысты. Департамент мұндай жағдайларды азайту үшін бірнеше шара қабылдаған.

Біріншіден, әуежайлардың тікелей жауапкершілігі, алайда бұл қазір заңда қарастырылмаған. Екіншіден, әуе компанияларының да, әуежайлардың да топ-менеджерлерінің жауапкершілігі. Енді әуе компанияларына кешіккені үшін айыппұл салынса, жаңа механизм бойынша олардың бірінші басшыларына айыппұл салынады, - деді Марат Қарабаев.

Еске сала кетейік, осыған дейін министр әуе билеті неге қымбат екенін түсіндірді.

Өзгелердің жаңалығы